Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

20:57, 27 тамыз 2026
MKZ: 1563820

© Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Ұлан аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Нұрдәулет Тетепов пен жедел-криминалистикалық топтың криминалисі Әсет Нағашбаевқа есінен танып қалған жұмысшылардың өмірін сақтап қалған ерлігі үшін Құрмет грамоталары табысталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі жұмысшыны құтқарған полицейлерді облыс әкімі марапаттады.

"20 тамызда Қасым Қайсенов елдімекенінже полицейлер кәріз құдығындағы жұмыс кезінде есінен танып қалған екі жұмысшыға көмек көрсетті. Полиция капитаны Әсет Нағашбаевтың қырағылығы мен полиция майоры Нұрдәулет Тетеповтің батыл әрекетінің арқасында екі азамат дер кезінде құтқарылды. Өңір басшысы тәртіп сақшыларының ерлігін, кәсібилігін және көмекке әрқашан дайын тұратынын атап өтіп, мұндай игі істер мен жоғары азаматтық жауапкершіліктің маңызына тоқталды", делінген 2026 жылғы 27 тамыздағы ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Марапаттау, ШҚО, Ұлан ауданы, полицей, кәріз құдығы, құтқару, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2026 20:57

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Бұған дейін ШҚО-да кәріз құдығына бірінен кейін бірі түскен қос жұмысшы өмірмен қош айтыса жаздағанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!