Павлодарда полицейлер сүйегі екі жыл бұрын табылған ер адамның кім екенін анықтауға тырысып жатыр

19:19, 6 қыркүйек 2024

© Сурет: pixabay

2022 жылдың тамыз айында Павлодар облысы Аққулы ауданының полицейлері Шарбақты ауылынан Жабағылыға қарай 15 шақырым жердегі шабындықтан адам сүйектері табылды. Сот-медициналық сараптама қорытындысы тек екі жылдан кейін жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының хабарлауынша, қазіргі уақытта полицейлер марқұмға қатысты ақпараттарды жинастырып, анықтап жатыр. Полицейлер бұл жағдайға қатысты кез келген ақпарат болса, 102 немесе +7 (777) 421 4157 телефондарына хабарласуды сұрайды. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, сүйек шамамен 40-50 жастағы ер адамға тиесілі. Ол еуропалық нәсілден болуы мүмкін. Бойы - 165-170 сантиметр.

Оқиға орнынан NIKE жазуы бар трико, сұр түсті джинсы күрте, қою қызыл түсті кеудеше және ақ жемпір, сондай-ақ көк түсті резеңке аяқ киім табылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!