Павлодарда 4 км жаяу жүріп, қарлы боранда көліктер тізбегін алып шыққан «қаһарман әйел» марапатталды
© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
4 км бойы жаяу жүріп, көліктер тізбегін қарлы бораннан алып шыққан павлодарлық Мария Бедринаға алғыс хат пен естелік сыйлық табысталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін желіде Мария Бедринаның көліктер тізбегін қар құрсауынан алып шыққан бейнесі тараған болатын. Видеода көліктің қарлы боранның арасымен алға қарай баяу жүріп келе жатқаны көрінеді. Жүргізуші алдында жүрген адамның бейнесін бағыт ретінде ұстап, соның соңынан ілесіп отырғанын айтады. Желідегі ағайын әрекетті қызу талқылап, әйелдің қазіргі жағдайына алаңдаушылық білдірді. Дегенмен, көп ұзамай пікірлердің біріне Марияның қызы жауап беріп, анасының жағдайы жақсы екенін хабарлады.
Осыған орай, Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінде төтенше жағдайда азаматтық жауапкершілік танытқан өңір тұрғынын марапаттау рәсімі өтті. Облыстық ТЖД бастығы Рустамбек Амрин "Ақсу–Павлодар" автожолында қатты боран кезінде адамдарға көрсеткен көмегі мен жанашырлығы үшін Мария Бедринаға алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.
"Оның іс-әрекеті батылдық пен жоғары азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі болып табылады",- деп мәлімдеді ведомство.
Бұған дейін қазақстандықтар жасанды интеллект көмегімен ұлттық киімдер "киіп" көргенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:45, 20 наурыз 2026
Тасқын суға қарсы бөлінген 49 млрд теңгенің жұмсалуы қалай бақыланады - Бозымбаев жауап берді
-
13:32, 20 наурыз 2026
Еліміздің батысында төбелес кезінде жасөспірім қаза болды
-
13:20, 20 наурыз 2026
Ақылы жолдарда жүру үшін алынатын төлемге қатысты ережелер өзгерді
-
13:07, 20 наурыз 2026
«Сіз кімсіз өзі?»: павлодарлық шенеунік қызметкерлерімен дөрекі сөйлескен
-
12:53, 20 наурыз 2026
Қарағанды облысында жол апатынан үш адам көз жұмды





