Тасқын суға қарсы бөлінген 49 млрд теңгенің жұмсалуы қалай бақыланады - Бозымбаев жауап берді

13:45, 20 наурыз 2026

© Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев 2026 жылғы 20 наурызда Үкіметтегі брифингте су тасқынына қарсы шараларға бөлінген 49 млрд теңгенің қалай бақыланатынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, барлық жұмыс бюджеттік инвестициялық жобаларға қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

"Кез келген бақылаушы орган тексере алады. Мысалы, Ақмола облысында Жабай өзенінің арнасы қаншалықты тазартылып, ретке келтірілгенін нақты көруге болады. Қанша топырақ алынғанын, тереңдігі мен енін де есептеуге мүмкіндік бар – бұл жерде ешқандай мәселе жоқ. Әрине, егер өте ірі су тасқыны болса, кейбір бөгеттерге зиян келуі мүмкін", – деді ол.

Сонымен қатар вице-премьер атқарылған жұмыстар бойынша куәгерлер, фотосуреттер және орындалған жұмыстар актілері бар екенін атап өтті.

"Егер біреу қаржыны жымқырса, бәрібір тексеруші органдар анықтап, тиісті шара қолданады. Барлығы заң аясында: конкурстар, тендерлер өткізіледі, жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтеді, мердігерлер де белгілі. Сондықтан бұл жерде мәселе көріп тұрған жоқпын", – деп қосты Қанат Бозымбаев.

Бұған дейін Қарағанды облысында жол апатынан үш адам көз жұмғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!