Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

15:41, 19 наурыз 2026

© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

2026 жылғы 19 наурызда Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы сот судьясы Ерлан Қосмұратов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл мәселеге қатысты Парламенттің жоғарғы палатасына мемлекет басшысының тиісті ұсынысы келіп түскенін мәлімдеді.

"Сіздердің қарауларыңызға мемлекет басшысының Жоғарғы сот судьясы Қосмұратов Ерлан Смәдиярұлының өкілеттігін тоқтату туралы ұсынысы енгізіліп отыр. Ол басқа қызметке тағайындалуына байланысты қызметінен босатылады. Мемлекет басшысының 2026 жылғы 2 наурыздағы жарлығымен Қосмұратов Жамбыл облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды", – деді Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов.

Еске салсақ, 2026 жылғы 5 наурызда Сенат Жоғарғы соттың үш судьясын қызметінен босатқан болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!