Шавкат Рахмонов әйелімен ажырасып, балаларынан бас тартты

18:31, 19 наурыз 2026

© Сурет: instagram/shavkatrakhmonov94

Қазақстандық танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайы аты шулы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гүлайым Рахмонова UFC файтерімен ажырасқанын айтып, оны балаларынан бас тартты деп айыптады.

Ол балаларымен бірге видео жариялап, ажырасқаннан кейін балалар тек анасына керек болатынын айтты.

"Ол өз балаларынан бас тартты, бәрібір олар анасына тартады деді... Осындай қамқор әке бір күнде: "Балаларды енді алып келмеңдер!" деп айтады деп ешқашан ойламаппын", - Гүлайым Рахмонова.

Сондай-ақ ол төрт бала дүниеге әкелгенін және тағы бір сәбиді күтіп жүргенін айтты.

"Не айтайын… әкесіне балалар керек болмаса, балаларға да ол керек емес! Алла маған балаларымды өсіріп, асырауға күш-қуат берсін", - деп жазды Гүлайым Рахмонова.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!