Еліміздің батысында төбелес кезінде жасөспірім қаза болды
© Фото: pexels
2026 жылғы 20 наурызда түнде Ақтөбе облысының Шалқар қаласында жастар арасында жанжал туындады. Төбелес нәтижесінде 17 жастағы жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, қылмыстық іс қозғалды.
"Жанжалға қатысушылардың барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді", – деп хабарлады ПД.
Қазір барлық қатысушылардың әрекеттеріне заң аясында құқықтық баға берілуде.
Тергеудің барысы Полиция департаменті басшысының бақылауында.
"Кінәлі тұлғалар заңда көрсетілген тәртіппен жауапқа тартылады", – деп қорытындылады тәртіп сақшылары.
Бұған дейін Қарағанды облысында жол апатынан үш адам көз жұмғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:54, 20 наурыз 2026
Талдықорғанда есірткі сату арнасы әшкереленіп, 5 келіден астам гашиш тәркіленді
-
14:47, 20 наурыз 2026
Автожолда бақылау камераларын алдамақ болған қазақстандық көзге түсіп, қамауға алынды
-
14:38, 20 наурыз 2026
Ел дамуына үлес қосқан қазақстандықтар «Парасат» орденімен марапатталды
-
14:22, 20 наурыз 2026
QR-коды бар туристік карталар шетелдік азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді
-
14:16, 20 наурыз 2026
Наурызды MEGOGO фильмдерімен қарсы алыңыз





