Павлодарда есірткі таратушының жолы кесілді
© Фото: Zakon.kz
Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген арнайы операция барысында Павлодар қаласында синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысты деген күдікпен ер адам ұсталды.
Бұл туралы Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Нұржан Байбуринов айтты.
Тергеу барысында күдіктінің есірткі таратумен айналысатын жасырын интернет-дүкенде "жасырушы" қызметін атқарғаны анықталды.
Тінту кезінде оның тұрғылықты мекенжайынан синтетикалық есірткі салынған екі орама тәркіленді. Сонымен қатар қала аумағындағы арнайы жасырылған орындардан да осындай есірткі заттары салынған жасырын қоймалар табылып, алынды.
Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 5 грамнан асты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың есірткінің заңсыз айналымына қатысты өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Полиция интернеттегі "оңай ақша" туралы ұсыныстардың соңы қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.
Қылмыстық схемаларды ұйымдастырушылар өз қауіпсіздігін ойлап, негізгі қатерді орындаушыларға жүктейді. Аз ғана табыс үшін өміріңізді, болашағыңызды және жақындарыңыздың сенімін тәуекелге тікпеңіз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:53, 22 мамыр 2026
Синоптиктер Қазақстандағы ауа райы туралы жаңа болжам жасады
-
11:45, 22 мамыр 2026
Жүргіншілер жолағын ерекше кесіп өткен қазақстандық сот алдында жауап берді
-
11:33, 22 мамыр 2026
Ресей президенті ядролық үштіктің басты міндетін атады
-
11:27, 22 мамыр 2026
22 мамырдағы Астана, Алматы және Шымкент айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
11:16, 22 мамыр 2026
Алматыда 25 жастағы тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті





