Синоптиктер Қазақстандағы ауа райы туралы жаңа болжам жасады

11:53, 22 мамыр 2026

© Сурет: ЖИ көмегімен жасалған

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы болады: кей өңірлерде жаңбыр қарға ұласса, кей жерлерде аптап ыстық +35°С-қа дейін жетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК 2026 жылғы 23–25 мамырға арналған ауа райы болжамында мәлімдеді.

Синоптиктердің айтуынша:

"Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады – найзағайлы жаңбыр күтіледі, ал елдің шығысында түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады".

23 мамырда Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарында қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі.

24–25 мамырда түнгі уақытта оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбырдың қарға ауысуы мүмкін.

Қалған өңірлерде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сондай-ақ ел аумағында жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауылдар болуы мүмкін, ал түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

"Елдің солтүстік-шығысында, шығысында және орталығында түнгі уақытта -1…-3°С дейін үсік күтіледі", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Күндізгі температура біртіндеп көтеріледі:

  • батыста – +28…+35°С дейін;
  • солтүстікте және орталықта – +20…+32°С дейін;
  • шығыста – +17…+25°С дейін;
  • оңтүстікте – +22…+35°С дейін;
  • оңтүстік-шығыста – +20…+28°С дейін.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы жаз мезгілі туралы болжам жасап, елде +45°С-қа дейінгі аптап ыстық пен нөсер жаңбырлар болуы мүмкін екенін айтқан еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!