Павлодар облысында былтыр 36 бала оқыс жағдайда қайтыс болды
© Фото: freepik
Павлодарда 4 жастағы бала 5 метр биіктен құлап ауруханаға түсті. Оқиға сауда үйлерінің біріндегі ойын орталығында болған.
Дәрігерлердің айтуынша қатты соғылғандықтан жеткіншектің миы шайқалған. Жалпы өңірде былтыр 500 бала биіктен құлап зардап шеккен.
Төрт жасар Әмір ойын орталығына екі ағасымен кірген. Ата, әжесі сырттай бақылап отырыпты. Биікке шыққан баланың құлап, тағы бір немересінің аяғынан асылып қалғанына куә болады, деп жазады qazaqstan.tv.
"Бұл осы орталықта бірінші рет болған жағдай емес екен. Түсінесіздер ме? Талай бала жарақат алған. Біз үнсіз қалсақ бұл жағдай қайталана бермек. Сондықтан соттасамыз." Мөлдір Әлиақпарова, анасы
Әмір ауруханада кемінде бес күн жатады. Қазір жағдайы қалыпты.
Жалпы жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта. Жақсарып келеді. Баланың көңіл күйі, физикалық жағдайы жақсы. Ешқандай ақау жоқ. Талғат Қасымбеков, Облыстық балалар ауруханасының дәрігері
Полиция балалардың ойын-сауық орталығында кешенді тексеру бастады. Жауапты мамандардарға қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.
"Осыған байланысты емделгеннен кейін ауыру тарихы негізінде сот-медициналық сараптама тағайындалады. Оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады." Жанар Біләлова, Полиция департаментінің баспасөз хатшысы
Дерекке қарағанда елімізде әр апта сайын кемінде 5-6 бала зардап шегеді. Бір Павлодар облысының өзінде былтыр 403 бала таяқ жеп, 51-і биіктен құлаған. Ал батутта мертіккен бүлдіршіннің оқиғасы бойынша бала құқын қорғаушы уәкіл де істі өз бақылауына алмақ.
"Азаматтар тарапынан өте көп шағым түседі. Әсіресе балаларға арналған ойын-сауық орталықтарының сапасына қатысты. Сондықтан прокуратурамен келістім, бірлесіп қаладағы барлық орталықтарда тексереміз." Сәуле Шәкенева, облыс бойынша бала құқығын қорғау уәкілі
Өткен жылы облыс бойынша 11 мыңға жуық бала далада жүріп түрлі жарақат алған. 2500 бала мектепте жүріп мертіккен. Бір жылда түрлі себептермен 36 бала қайтыс болған, оның ішінде 22 жасөспірім өз өзіне қол салған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:10, 14 қаңтар 2025
«Қазақтелеком» Tele2/Altel-ді қатарлық компанияға сатты
-
22:04, 14 қаңтар 2025
Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан бір адамды құтқарды
-
21:59, 14 қаңтар 2025
Шайбалы хоккейден Қазақстан қыздар құрамасының жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын ойыншылары
-
21:30, 14 қаңтар 2025
Жетісу облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Ысқақ Құсайыновты 101 жасқа толды
-
20:47, 14 қаңтар 2025
Адам өлтіргені үшін іздеуде болған күдікті Бакуде ұсталды