Патрульдік полиция велосипед ұрлаған ақмолалықты ұстады
© Сурет: ҚР ІІМ
28 наурыз күні облыс орталығының 37 жастағы тұрғыны полицейлерге белгісіз адам үйдің подъезінен Drive маркалы велосипед ұрлап кеткенін хабарлаған.
Ақмолалықтың айтуынша, велосипедтің жоғалуын оның жұбайы таңертеңгі жүгіріс барысында анықтаған. Басқа біреудің екі доңғалақты көлігімен серуен 33 жастағы бұрын істі болған жергілікті тұрғын үшін қысқа болды. 28 наурыз күні сағат 05:30 шамасында Абай көшелері мен жағалаудың қиылысында оны Көкшетау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ұстады, ал оның осындай ерте сағаттағы сапары жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының объективіне түскен.
Күдікті тәртіп сақшыларына көпқабатты үйдің подъезіне жылынуға кіргенін және баспалдақтағы велосипедті көріп, досына барып келуге шешім қабылдағанын мойындады. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес ер адам мас күйде болған. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді
-
19:53, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір мезетте 40-тан астам шыршаның шамы жағылды





