Париж Паралимпиадасы: Қазақстан қоржынында тоғыз медаль бар

09:10, 8 қыркүйек 2024

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Зарина Райфова Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зарина Райфова пара дзюдодан 70 келі салмақта (J2 санаты) үздіктер қатарынан көрінді.

Қола медаль үшін өткен белдесуде Райфова италиялық Каролина Костадан басым түсті.

Ал Жұрқамырза Шүкірбеков Париж-2024 Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Париж, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2024 09:10

Сурет: olympic.kz

Ол пара дзюдодан 90 келі салмақта сынға түсіп (J2 санаты), тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.

Кіші финалда Шүкірбеков франциялық Насер Зорганиді иппон ұпайымен жеңді.

Айта кетелік, турнир барысында қазақстандық спортшы Бразилия өкілін жеңіп, жартылай финалда грузиялық қарсыласына есе жіберген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!