Парашютші ұшақ қанатына ілініп, оқыс бола жаздады
© Сурет: Jarred Nolan / ATSB
Австралиялық тәжірибелі парашютші бір күнде үш рет секірмек болған. Алайда 4,5 мың метр биіктіктен секірген сәтте оның қосалқы парашютінің тұтқасы ұшақ қанатына ілініп, парашют ерте ашылып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sky News мәліметінше, оқиға 20 қыркүйекте Солтүстік Квинслендте болған. Cessna Caravan ұшағы Талли әуежайынан 16 адамдық топтық парашютпен секіру үшін ұшып шыққан.
Парашютші Адриан Фергюсон секіруді таза орындауға тырысқанымен, дайындық кезінде оны ашылып кеткен парашют кері итеріп, ол ұшақтан еріксіз құлап түскен. Осы кезде оның аяқтары ұшақтың сол жақтағы көлденең тұрақтандырғышына соғылып, әуе техникасына айтарлықтай зақым келтірген.
Оған дейін спортшы аяқтарымен ұшақ бортына қатты соғылып, табанын жарақаттап алған. Абырой болғанда, Фергюсон жағдайды тез бағалап, арнайы пышақпен артық арқан-бауларды кесіп, негізгі парашютін аша алған.
Төтенше жағдай кезінде 13 парашютші ұшақтан секіріп үлгерген, ал тағы 2 адам есік маңында қалған. Оқиғадан кейін ұшақ жоғары жылдамдықпен төмен құлдилай бастаған, осылайша Брисбендегі әуе қозғалысын басқару орталығына төтенше жағдай туралы сигнал берілген.
Бұған дейін Түркияның қонақ үйлерге қоныстану кезіндегі ережелерді жаңартқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:08, 12 желтоқсан 2025
Алматыда температура кенет +7°С-қа дейін көтеріледі
-
13:57, 12 желтоқсан 2025
Италияда табылған мүсін ғалымдарды таң-тамаша етті
-
13:46, 12 желтоқсан 2025
Сегіз оқушы сағыздан уланып, ауруханаға түсті
-
13:38, 12 желтоқсан 2025
ЮНЕСКО киіз үй дәстүрін әлемдік мәдени мұра ретінде кеңейтті
-
13:24, 12 желтоқсан 2025
Ауғанстанға көмек, Палестина мемлекетін құру: Тоқаев әлемдік мәселелерді көтерді





