Отандық сериалдарға арналған «Nauryz» ұлттық бәйгесі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

19:51, 31 наурыз 2023

© Сурет: Zakon.kz

Астанада отандық сериал контентіне арналған "Nauryz" ұлттық бәйгесінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салтанатты шара танымал жұлдыздардың қызыл кілемді басып өтуінен басталды. Ұйымдастырушылар, үміткерлер және шетелдік қонақтар кезек-кезек төрге шығып жатты."Nauryz" ұлттық бәйгесін ұйымдастырушылар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, "Медиа Даму қоры" Корпоративтік қоры және "Қазмедиа орталығы" ҚК болып табылады.


Кино

Сурет: Zakon.kz


Жүргізушілердің айтуынша, бәйгеге қатысу үшін 250-ден астам өтінім келіп түскен. Ұйымдастырушылар 13 номинация бойынша әрқайсынан төрт шығарманы іріктеп алған. 


Ұлттық бәйге

Сурет: Zakon.kz


Салтанатты шараға 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін YouTube арнасында, қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телехикаяларды әзірлеген республикалық телеарналар өкілдері мен шығармашылық ұжымдар қатысты. Марапаттау рәсімінде отандық жұлдыздар өнер көрсетті.


Сурет: Zakon.kz


Марапаттау рәсімінде сөз алған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі бұл байқау отандық сериалдардың өсіп-өркендеуіне ықпал ететіндігіне үміт артатынын жеткізді. 

"Өздеріңізге белгілі, Наурыз – жаңару мен гүлденудің, өсу мен өркендеудің символы. Сондықтан бұл ұлттық бәйге отандық сериалдардың да өсіп-өркендеуіне септеседі деп үміттенеміз. Жалпы елімізде соңғы жылдары креативті индустрия, телесериалдар қарқынды дамып келеді. Қазір бізде сан да, сапа да артып келеді, қаражат жағын да көбейтуді қарастырып отырмыз. Қазір отандық сериалдар ішкі және сыртқы нарықта үлкен сұранысқа ие болып отыр. Бұрын үндінің "Келініне" телміретін көрермен қазір өзіміздің "Келінжан" мен "Аппақ келінді" көреді". Дархан Қыдырәлі

Ол Nauryz ұлттық бәйгесін жылда өткізуді жоспарлап отырғанын атап өтті.


Ұлттық бәйге

Сурет: Zakon.kz



"Бұл байқауды Nauryz деп атауымыздың себебі, біз жыл сайын наурыз айында өткен жылды қорытындылаймыз. Сонымен қатар, телехикаяларға арналған бәйге мәресіне жеткен соң, іле-шала анимациялық өнімдер мен деректі фильмдерді қамтитын "Тұмар" байқауына кірісеміз". Дархан Қыдырәлі

Іс-шарағда отандық сериал - "Заводта" рөл ойнаған актер Бексұлтан Біләл да төбе көрсетті


Дархан Қыдырәлі

Сурет: Zakon.kz


"Бүгін телехикаялардың байқауы бірінші рет өтіп жатыр. Бұл жақсы нәрсе, біздің елімізде де Оскарға ұқсас дүние қолға алынуда. Бұл - актерлар, режиссерлер, продюсерлар үшін үлкен мотивация. Бүгін "кино", сериалдар ортасындамыз. Көптеген таныс адамдарды, продюсерлер мен режиссерлерді кездестіріп жатырмын. Бізде осындай іс-шаралар көбірек болғанын қалаймын". Бексұлтан Біләл


Бексұлтан Біләл

Сурет: Zakon.kz


Сонымен жоғарыда аталған номинациялар бойынша үздіктер мыналар болып танылды:

Ең үздік тарихи сериал - Мұрат Есжанның "Міржақып. Оян, Қазақ!".

Үздік драмалық сериал - "Ақжауын".

Үздік комедиялық сериал - "Келінжан".

Үздік веб-сериал - Сержан братан.

Үздік коммерциялық телехикая - "Патруль" телехикаясы.

Үздік актер - Дулыға Ақмолда (Serjan Bratan).

Үздік актриса - Жанель Сергазина ("Бала күтуші").

Екінші пландағы үздік актер - Рүстем Жаныаманов ("Келінжан").

Екінші пландағы үздік актриса - Камалия Байтелеуова ("Ақ пен қара").

Үздік режиссер - Ерлан Нұрмұхамбетов ("Қаныш.Қазына").

Үздік сценарист - Бекзат Мырзахметова (Mystan).

Үздік қоюшы-оператор - Бағдат Арғынов (SHEKER, Serjan bratan, "5:32").

Үздік монтаж – Рахымжан Яхьяров ("ақ пен қара").

Ең мықты саундтрек – Sheker.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!