«Қазгидромет» Алматы мен тағы бір қала тұрғындарына ескерту жасады

09:10, 7 қараша 2026
MKZ: 1576438

© Фото: zakon.kz

Синоптиктер 2026 жылғы 7 қарашада Қазақстанның бірнеше қаласында ауа ластануының жоғары деңгейі байқалуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" мәліметінше, 2026 жылғы 7 қарашада Алматы мен Талдықорған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесуі.

Мұндай жағдайлар атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал етеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!