Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін
© Сурет: magnific
Қараша айының соңына дейін үш жұлдыз белгісінің өкілдері үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып, еңбегі ақталуы мүмкін. Астрологтар олардың өмірінде қарым-қатынас, мансап және қаржы саласына қатысты жағымды өзгерістер болатынын болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астрологтардың пікірінше, ғарыштағы маңызды өзгерістер үш жұлдыз белгісіне ерекше әсер етеді. Планеталардың кері қозғалысы мен Сарышаян белгісіндегі жаңа ай қарым-қатынасқа, мансапқа және қаржылық жағдайға ықпал етуі мүмкін. Бұл туралы YourTango басылымы жазды.
Таразы
Таразылар үшін қараша еңбегінің жемісін көретін ай болуы мүмкін. Олардың қамқоршысы саналатын Венера қазан айының басынан бері кері қозғалыста болған еді. Астрологтардың болжамынша, 13 қарашада ол қалыпты қозғалысына қайта оралады. Бұл Таразы белгісінде туғандарға көптен күткен өзгерістерді сезінуге көмектеседі. Астролог Элизабет Бробек олардың еңбегі ақыры нәтиже бере бастайды деп есептейді.
Оның айтуынша, Таразылар атқарған жұмысы үшін лайықты марапатқа ие болуы мүмкін. Бұған дейін еңбегі еленбей жүргендей көрінсе де, жағдай өзгере бастайды. Енді жұмсалған күш-жігер жағымды нәтижелерге ұласуы ықтимал.
Арыстан
Арыстандар үшін де жағдай өз пайдасына шешіле бастайтын кезең тумақ. Астрологтар мұны Юпитер, Марс және Оңтүстік түйіннің ықпалымен байланыстырады. Болжам бойынша, бұл аспан денелері белгіге тән энергияны күшейтеді. Әсіресе, 25 қараша маңызды күн болмақ. Бробектің айтуынша, осы кезеңде Арыстандар өмірінің бірнеше саласында оң өзгерістерді байқауы мүмкін.
Астролог қарым-қатынастың жақсарып, табыстың артуын да болжайды. Бұған дейін алға жылжуға кедергі болған қиындықтар біртіндеп жойылып, жаңа мүмкіндіктер бірінен соң бірі ашылуы ықтимал. Арыстандарға өзгерістерден қорықпай, мүмкіндіктерді пайдалануға дайын болуға кеңес беріледі.
Сарышаян
Сарышаяндар үшін қараша жаңа кезеңнің басталуына айналуы мүмкін. Соңғы уақытта олар эмоционалдық қиындықтар мен белгісіздікті бастан өткерген болуы ықтимал. Алайда астрологиялық болжамға сәйкес, енді жағдай өзгере бастайды.
9 қарашада Сарышаян белгісінде болатын жаңа ай маңызды оқиға саналады. Ол жаңаруды, мақсаттарды қайта қарауды және өмірдің жаңа кезеңіне қадам басуды білдіреді.
Элизабет Бробектің пікірінше, Сарышаяндар өзіне деген сенімділігін арттырып, мүмкіндіктеріне жаңаша көзқараспен қарайды. Өзгерістер кәсіби салаға да әсер етуі мүмкін. Кейбірі қызметте жоғарылап, көпшіліктің назарын аударып немесе мансабында елеулі жетістікке жетуі ықтимал.
Бұған қоса, белгі өкілдерінің өзін өзгертуге, әдеттерін қайта қарауға және тұлғалық тұрғыда дамуға деген ынтасы артуы мүмкін.
Жұлдыз жорамалдары болжамға негізделген және белгілі бір нәтижеге кепілдік бермейді. Кез келген сәйкестік кездейсоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:59, 7 қараша 2026
ҚазҰУ журналистика факультетінің бірінші курс студенті қаза тапты
-
15:05, 7 қараша 2026
Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды
-
14:30, 7 қараша 2026
Тоқаев пен Рахмон Бірлескен мәлімдеме қабылдады
-
14:12, 7 қараша 2026
Прокуратура депутаттарға қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи технологияларын таныстырды
-
13:42, 7 қараша 2026
Тоқаев Эмомали Рахмонды Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады





