Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Полиция Алматыда Валерий Меладзенің концерті кезінде болған жанжалға қатысушыларды анықтады. Әйелдердің бірі бес тәулікке қамалды, екіншісіне айыппұл салынды, ал үшіншісіне қатысты іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция мәліметінше, жанжал концерт көрермендерінің арасында болған. Қауіпсіздік қызметкерлері әйелдерді концерт алаңынан шығарып жіберген. Соған қарамастан, концерт тоқтатылмай, қалыпты режимде жалғасты.
Тексеру нәтижесінде оқиғаға қатысқан үш әйел анықталды. Олардың екеуі Алматы облысының тұрғындары болып шықты. Сот әйелдердің бірін бес тәулікке қамауға алды. Екіншісіне қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін айыппұл салынды.
Тараз қаласының тұрғыны болып шыққан үшінші әйелге қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотқа жолданды.
Бұдан бөлек, полиция Instagram желісінде концерт тоқтатылды деген жалған ақпарат жарияланғанын анықтады. Аккаунт иесі табылып, оған айыппұл салынды.
Еске салайық, оқиға 4 қарашада Almaty Arena-да Валерий Меладзенің екінші концерті кезінде болған. Куәгерлердің айтуынша, фан-аймақтағы екі әйел басқа көрермендерді итеріп, сахнаға жақындауға тырысқан. Осы кезде төбелес басталып, әншінің назарына іліккен.
Меладзе өнер көрсетуін тоқтатып, көрермендердің әрекетіне байланысты концертті аяқтап кететінін ескерткен. Алайда жанкүйерлердің реакциясынан кейін әнші сахнада қалып, бағдарламасын жалғастырған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:53, 7 қараша 2026
7 қарашадағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы қандай
-
09:35, 7 қараша 2026
ШҚО-да жеңіл көлік КАМАЗ астында жаншылып қалды
-
09:10, 7 қараша 2026
«Қазгидромет» Алматы мен тағы бір қала тұрғындарына ескерту жасады
-
22:41, 6 қараша 2026
Денсаулық сақтау министрлігі аттестациядан өте алмаған бас дәрігерлерді атады
-
21:37, 6 қараша 2026
«Жаңа туған сәбиімен бірге келген»: Алматы кәсіпкерлері жалған ақша таратқан әйел туралы айтты





