Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды
© Сурет: akorda.kz
Қазақстан мен Тәжікстан президенттерінің қатысуымен екі елдің ресми делегация мүшелері 14 құжат алмасты. Құжаттар энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, цифрландыру және басқа да салалардағы ынтымақтастықты қамтиды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекеттер басшыларының қатысуымен екі елдің ресми делегация мүшелері үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар алмасты:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі арасындағы Тәжікстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара әскерлері үшін кадр даярлау саласындағы келісім;
2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі арасындағы электр энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
3. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі арасындағы тау-кен өндіру және тау-кен металлургиясы салаларындағы жобаларды дамыту мақсатында ұзақмерзімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту және тереңдету туралы келісім;
4. Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы тауар айналымын 2030 жылға дейін ұлғайту жөніндегі жол картасы;
5. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Тәжікстан Республикасы Бас прокуратурасы арасындағы серіктестік және ынтымақтастық туралы меморандум;
6. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы агенттігі арасындағы зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ақпараттық ынтымақтастық туралы келісім;
7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
8. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Энергетика және су ресурстары министрлігі арасындағы мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім;
9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі 2027-2028 жылдарға арналған жол картасы;
10. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрлігі арасындағы өнеркәсіп саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру жөніндегі 2027 жылға арналған өзара іс-қимыл жоспары;
11. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Тәжікстан Республикасы Мемлекеттік қаржылық бақылау және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
12. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Президенті жанындағы Инновациялар және цифрлық технологиялар агенттігі арасындағы жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы меморандум;
13. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Президенті жанындағы Инновациялар және цифрлық технологиялар агенттігі арасында электрондық коммерция жүйесін дамыту саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
14. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Телевизия және радио комитеті арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:30, 7 қараша 2026
Тоқаев пен Рахмон Бірлескен мәлімдеме қабылдады
-
14:12, 7 қараша 2026
Прокуратура депутаттарға қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи технологияларын таныстырды
-
13:42, 7 қараша 2026
Тоқаев Эмомали Рахмонды Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады
-
12:52, 7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстан Президентімен келіссөз жүргізді
-
12:47, 7 қараша 2026
«Біреудің қайғысы – бәрімізге ортақ»: Қызылорда тұрғындары өрттен зардап шеккендерге қан тапсырып жатыр





