Өскеменде зауыттағы жарылыстан кейін ғимараттың бір бөлігі құлады
© Фото: Zakon.kz
Өскеменде зауыттардың бірінің аумағында 2026 жылғы 5 мамыр күні таңертең шаң-тозаңды ұстап тұратын құрылғыда жарылыс болып, артынша өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі опырылып құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына алғашқы бөлімшелер жеткен кезде ашық жалынның болып жатқаны анықталған. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді. Қазіргі уақытта жедел штаб құрылып, жұмыс істеуде.
"Оқиға орнында ТЖМ бөлімшелері жұмыс істеп жатыр, зардап шеккендердің бар-жоғын анықтау үшін барлау жүргізілуде. Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысындағы дәмханалардың бірінде ақаулы сорғыш құрылғы салдарынан өрт шыққан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:57, 5 мамыр 2026
Атырауда заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам балық тәркіленді
-
12:36, 5 мамыр 2026
Айбек Дәдебай қызметінен босатылды
-
12:35, 5 мамыр 2026
Роман Скляр Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды
-
12:28, 5 мамыр 2026
Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамдары - 5 мамыр
-
12:17, 5 мамыр 2026
Қазақстанда электр энергиясы қаншалықты қымбаттайды





