Айбек Дәдебай қызметінен босатылды
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәдебай Айбек Арқабайұлы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.
Бұл туралы Ақорда таратқан ресми ақпаратта хабарланды.
Айбек Дәдебай 1980 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.
2001 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген. 2003 жылы магистратураны аяқтап, аймақтану мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2001–2002 жылдары Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері мемлекеттік университетінде халықаралық туризм менеджменті кафедрасының оқытушысы болып бастаған.
2008–2011 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының халықаралық ынтымақтастық және парламентаралық байланыстар бөлімінің сарапшысы, Сенат Төрағасының көмекшісінің міндетін атқарушы қызметтерін атқарған.
2011–2013 жылдары Женева қаласындағы БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігінде атташе және үшінші хатшы қызметін атқарған.
2013–2019 жылдары Сенат Төрағасы хатшылығының орынбасары, кейін басшысы болды.
2019–2021 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарған.
2021 жылғы мамырдан 2022 жылғы қаңтарға дейін Президент Іс басқарушысының орынбасары болды.
2022 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысы болып тағайындалды.
2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымына тағайындалған болатын.
Ол дипломатиялық дәрежесі бойынша II сыныпты кеңесші болып табылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:53, 5 мамыр 2026
Жетісуда өзеннен заңсыз құм-қиыршық тас өндіру тоқтатылды
-
13:37, 5 мамыр 2026
Өскемендегі жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
-
13:21, 5 мамыр 2026
АЭС туралы ақпарат құпия болуы мүмкін – Энергетика министрлігі
-
13:09, 5 мамыр 2026
Жылдамдықты 2 км/сағат асырғаны үшін айыппұл салынады деген ақпарат – жалған
-
12:57, 5 мамыр 2026
Атырауда заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам балық тәркіленді





