Өскеменде көлік ағашқа соғылып, бір адам мерт болды

10:10, 25 мамыр 2024

© Сурет: pixabay

Өскеменде көлік ағашқа соғылып, салдарынан бір адам көз жұмды, - деп хабарлайды Zakon.kz astanatv.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апаты қаладағы Бажов көшесінде болған.

Subaru маркалі автокөлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай жолдан шығып кеткен. Көлік ішінде отырған жолаушы сол жерде тіл тартпай кетті.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!