Өскемен тұрғыны дүкенде жалған ақшамен төлем жасаған

12:24, 14 қаңтар 2025

© Фото: Zakon.kz

Өскемен қаласының азық-түлік дүкендерінің бірінде ер адам 20 000 теңге көлемінде алкоголь сатып алып, жалған ақшамен есептескен.

Сатушылар купюраның жалған екенін ер адам ғимараттан шығып кеткен соң бірақ байқаған.

Полиция күдіктінің жеке басын анықтады — ол бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотталған 27 жастағы азамат болып шықты.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адамға екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

ШҚО полиция департаменті азаматтарды ақшаны қабылдау кезінде ерекше сақ болуға шақырады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!