Орта білім туралы аттестаттарды цифрландыру қашан аяқталады

18:05, 17 маусым 2024

© Сурет: ortcom.lz

Биыл алғаш рет негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестаттар eGovMobile мобильді қосымшасы арқылы цифрлық форматта қолжетімді болды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Қазіргі уақытта мобильді қосымшада биылғы жылғы түлектердің аттестаттары қолжетімді. Алдыңғы жылдардағы түлектердің аттестаттарын толық цифрландыру 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен жүргізіледі:

  • 2024 жылы – осы жылдың түлектерінің аттестаттары;
  • 2025 жылы – 2010-2023 жылдардағы түлектердің аттестаттары;
  • 2026 жылы – 1991-2009 жылдардағы түлектердің аттестаттары;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап сұраныс бойынша 1991 жылға дейін берілген аттестаттар цифрлық формата қолжетімді болады.

Сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру дипломдарын цифрландыру жалғасып жатыр:

  • 2024 жылы – 2004-2023 жылдары берілген дипломдар;
  • 2025-2026 жылдары – 2004 жылға дейін берілген дипломдар цифрландырылады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!