«Орал-Атырау» тас жолы орташа жөндеуден өтуде
© Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Республикалық маңызы бар "Орал–Атырау" тас жолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды. Биыл өңір аумағында аталған күре жолды орташа жөндеу бойынша үш жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыс әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй бастаған құзырлы құрылым басшылары және "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ БҚОФ директоры Асылбек Марданов мердігерлермен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстарға зер салды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
"Атырау–Орал" автожолының 189–249 шақырым учаскесін орташа жөндеу жұмыстарын "Айдана" ЖШС жүргізуде. Жоба құны 8,5 млрд теңгеге жуықтайды. Мұнда 20 шақырым жол ресайклинг әдісімен ретке келтіріледі. Кейін 60 шақырым жолдың төменгі қабатына ірі түйіршікті, ал жоғарғы қабатына ұсақ түйіршікті асфальтбетон төселеді. Учаскеде төрт аялдама павильоны орнатылады.

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
"Атырау–Орал" автожолының 372–432 шақырым және 432–492 шақырым учаскелерін орташа жөндеу бойынша қос жобаны "ДСК Приорите" ЖШС жүзеге асыруда. Мұнда ескі жолдың 29 шақырым бөлігі ресайклинг әдісімен қайта өңделеді. 120 шақырым жол қабаттарына ірі және ұсақ түйіршікті асфальтбетон төселеді. 18 аялдама павильоны орнатылады.
Биыл республикалық маңызы бар "Чапаев–Жалпақтал–Казталовка–РФ шекарасы" автожолының 0–17 шақырым учаскесі де жөнделіп жатыр. 2,7 млрд теңгенің жобасын "ТОБИ" ЖШС жүзеге асырады. 16,5 шақырым жолға ресайклинг жасалады. Учаскеге ірі түйіршікті және беріктігі жоғары арнайы асфальтбетон төселіп, 1 автоматты өлшеу жүйесі орнатылады.

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
"ТОБИ" компаниясы "Ақтөбе–Орал–РФ шекарасы" автожолының 369–408 шақырым учаскесін де жөндеп жатыр. Мұнда 26 шақырым жол ресайклинг әдісімен қайта өңделеді. 39 шақырымға беріктігі жоғары асфальтбетон төселіп, Шідерті мен Өлеңті өзендеріндегі көпірлердің деформациялық жіктері ауыстырылады. Учаскеде төрт аялдама павильоны орнатылады.
Аталған бес жобаның нәтижесінде жалпы ұзындығы 236 шақырым күре жолдар орташа жөндеуден өтеді.
"Барлық нысанда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, белгілерді жаңарту, заманауи аялдамалар орнату және жол жиектерін нығайту сияқты кешенді іс-шаралар қарастырылған. Облыс әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй мердігерлерге жұмыстарды сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды". БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:08, 16 мамыр 2026
Желідегі тест сұрақтарының жауаптары: Ұлттық тестілеу орталығы маңызды мәлімдеме жасады
-
11:40, 16 мамыр 2026
Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 16 мамыр
-
11:40, 16 мамыр 2026
Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамдары - 16 мамыр
-
11:13, 16 мамыр 2026
Павлодар тұрғыны шұғыл түрде тікұшақпен Астанаға жеткізілді
-
11:01, 16 мамыр 2026
Алматылық дәрігерлер жағдайы күрт нашарлаған шетелдік туристтің жанын сақтап қалды





