Қазақстандық боксшылар U15 санатындағы Азия чемпионатында 24 медаль жеңіп алды
© Сурет: olympic.kz
Қазіргі таңда бокстан Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан U15 жас санатындағы Азия чемпионатында финалдық бәсекелер аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық құрама боксшылары U15 жас санатында 7 алтын, 8 күміс және 9 қола медаль жеңіп алды.
Турнирде Бейбарыс Қойшыбай (43 келіге дейін), Нұрислам Бақтубаев (55 келіге дейін), Рауан Тоғызбай (61 келіге дейін), Аманжан Жанай (67 келіге дейін), Аян Бауыржан (70 келіге дейін), Самал Төлепберген (52 келіге дейін) және Нұргүл Сахи (67 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алды.
Ал Саят Рахымберді (33 келіге дейін), Жақсылық Ермекұлы (35 келіге дейін), Айбын Мәжит (70 келіден жоғары), Нұржанат Бекназар (37 келіге дейін), Сабрина Әділханова (46 келіге дейін), Аруна Шалман (55 келіге дейін), Айару Файзуллаева (61 келіге дейін) және Көркем Ғалым (70 келіден жоғары) күмістен алқа тақты.
Сұлтанғали Нұрмахан (37 келіге дейін), Аяжан Марат (33 келіге дейін), Айша Насанова (35 келіге дейін), Диана Мендигараева (40 келіге дейін), Сезім Нұрлыбек (43 келіге дейін), Ардақ Әбдіхан (58 келіге дейін), Дінмұхамед Молдахан (64 келіге дейін), Ясмин Джаутханова (64 келіге дейін) және Еркеназ Ерболқызы (70 келіге дейін) қола медальға ие болды.
Айта кетейік, бүгін U17 жас санатында финалдық жекпе-жектер өтеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:24, 3 маусым 2026
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды
-
18:26, 2 маусым 2026
Давид Лория Қазақстан футбол федерациясы вице-президенті қызметінен кетті
-
19:30, 1 маусым 2026
Қазақстан күрестен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 14 медаль жеңіп алды
-
18:01, 1 маусым 2026
Қазақстан ат спортынан Астанадағы халықаралық турнирлерде 14 медаль жеңіп алды
-
17:31, 1 маусым 2026
Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің қос бірдей ширек финалына шықты





