«Қайрат» құрамасы «Брюггемен» өткен ойын жайлы пікір білдірді

11:56, 22 қаңтар 2026

© Сурет: Instagram/hansvanaken20

Алматылық "Қайрат" командасының жартылай қорғаушысы Мұхамедәлі Әбіш Лига чемпиондарының жалпы кезеңі аясындағы Бельгияның "Брюгге" командасымен өткен матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz дерегінше, кездесуде "Брюгге" 4:1 есебімен жеңіске жетті. "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Мұхамедәлі Әбіш матч өте қиын болғанын мойындады.

Брюгге командасынан қай футболшымен ойнау ең қиын болғаны туралы сұраққа ол 20-нөмірлі, капитан Ханс Ванакенді атады.

Жетінші турдан кейін "Қайрат" Лига чемпиондарының жалпы кезеңіндегі турнир кестесінде соңғы орынға жайғасып отыр. Команданың еншісінде бар болғаны бір ұпай ғана бар.

Қорытынды турда алматылық команда Лондонда "Арсеналмен" кездеседі. Матч 29 қаңтарда Астана уақытымен 01:00-де өтеді.

Бұған дейін Астанадан ұшып шықпақ болған "Брюгге" футболшылары тосын жағдайға тап болғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!