Онлайн-оқу кезінде оқушылардың әр сабағы 30 минуттан жүреді
Қазақстанда мектеп оқушыларын қашықтан оқыту кезінде әр сабақ 30 минуттан болады. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасының эфирінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның айтуынша, қашықтықтан оқытудың әлемдік үздік тәжірибелері зерттелген. Ал қазірдің өзінде Білім және ғылым министрлігінің енгізген ұсыныстары ескеріле отырып, өзіндік тұжырымдама жасап шығарылды.
Қашықтан оқыту процесі әр мектепте қабылданған режим мен тәртіп бойынша жүреді. Сабақтың ұзақтығы 30 минутты құрайды. Мұғалім, оқушы және ата-ана тығыз қарым-қатынаста болады. Барлық оқу материалдары дайын, - деді министр.
Бұрын хабарланғандай, 6 сәуірден бастап қазақстандық мектеп оқушылары қашықтықтан оқи бастайды. Сондай-ақ «Балапан» және «Ел Арна» телеарналарында оқушыларға қосымша видеосабақтар іске қосу жоспарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:39, 10 маусым 2026
Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды
-
22:24, 10 маусым 2026
«Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
22:00, 10 маусым 2026
БҚО-дағы жантүршігерлік жол апаты: екі адам қаза тауып, тағы сегізі зардап шекті
-
21:48, 10 маусым 2026
Қарағандыда жүректің туа біткен кемістігі бар бес айлық сәбиге ота сәтті жасалды
-
21:45, 10 маусым 2026
Атырау облысында суға батып кеткен балықшының денесі табылды





