Оңтүстік Қазақстанда +40°С-қа дейін аптап ыстық күтіледі
© Фото: pixabay
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күнге – 11, 12, 13 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Метеорологтардың мәліметінше, батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райына әлі де әсерін сақтап, тұрақсыз ауа райын қалыптастырады.
Мамандар атап өткендей, циклонның орталығы еліміздің солтүстік-батысында орналасады, осыған байланысты мұнда найзағайлы жаңбырлар, желдің күшеюі, дауыл және бұршақ жаууы мүмкін.
Қатты жаңбыр күтіледі:
- 11-13 маусым күндері Қостанай және Ақтөбе облыстарында,
- 11 маусымда Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында.
Сондай-ақ, ауа температурасы жайлы ақпарат та берілді:
- Күндіз еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +35…+40°С-қа дейін,
- оңтүстік-шығысында +30…+37°С-қа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады.
"Еліміздің қалған аумағында ауа температурасы фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді"."Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Бұған дейін еліміздің төрт өңірінде құрғақшылық болатыны болжанғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:58, 10 маусым 2026
Қаржы министрлігі Қазақстан бюджетінің 2025 жылғы орындалуын түсіндіріп берді
-
13:37, 10 маусым 2026
Атом энергиясын пайдалану саласында лицензиар анықталды
-
13:15, 10 маусым 2026
700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады
-
12:57, 10 маусым 2026
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
-
12:45, 10 маусым 2026
180 млн теңгенің контрабандалық тауарын Қазақстанға заңсыз кіргізбек болған





