10 маусымдағы сауда-саттықта доллар бағамы сәл төмендеді

16:01, 10 маусым 2026

© Фото: freepik

2026 жылғы 10 маусымда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 488,59 теңгені құрап, 1,24 теңгеге төмендеді.

Ресей рублінің бағамы да төмендеп, 6,79 теңге болды (-0,01 теңге).

Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 72,18 теңгені құрады, бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,29 теңгеге төмен.

Айырбастау пункттерінде доллар 488,1–491,1 теңге аралығында саудалануда, еуро –562,5–569,6 теңге, рубль – 6,57–6,72 теңге аралығына саудаға түсуде.

Сонымен қатар, 10 маусымдағы сауда-саттықта әлемдік мұнай бағасы да төмендеді.

Атап айтқанда, ICE Futures электрондық сауда алаңында тамыз айына арналған Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 0,42%-ға төмендеп, бір баррелі 91,07 АҚШ долларын құрады.

Ал NYMEX электрондық саудасында шілде айына арналған WTI маркалы мұнай фьючерстері 0,67%-ға арзандап, бір баррелі 87,61 АҚШ долларына дейін түсті.

Еске салайық, таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 490,21 теңге, еуроны 566,93 теңге, ал рубльді 6,81 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!