Ресейден Қазақстанға әкелінген төрт жолбарысқа есім берілді
© Сурет: gov.kz
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі бүгін 2026 жылғы 10 маусымда Қазақстанға популяцияны қалпына келтіру үшін жеткізілген төрт жолбарысқа қатысты жағымды жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жыртқыштарға есім берілді.
"Қазақстан мен Ресей тараптарының бірлескен шешімі аясында жолбарыстарға екі елдің ынтымақтастығын және жобаның Орталық және Шығыс Азия табиғатымен тарихи байланысын білдіретін есімдер берілді",- деп атап өтті министрлік.
Олардың есімдері:
- аталық жолбарыс – Амур;
- аналық жолбарыс – Үміт;
- еркек күшік – Тұран;
- ұрғашы күшік – Уссури.
Қазақстанға жеткізілгеннен кейін жолбарыстар "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватының арнайы дайындалған вольерлеріне орналастырылды. Қазіргі уақытта олар мамандар мен ветеринариялық қызмет өкілдерінің тұрақты бақылауымен бейімделу кезеңінен өтуде.
"Жануарлар жаңа табиғи-климаттық жағдайларға сәтті бейімделіп жатыр, олардың жағдайы тұрақты деп бағалануда. Алдағы уақытта бейімделу кезеңі мен жануарлардың жағдайын кешенді бағалау аяқталғаннан кейін оларды табиғи ортаға жіберуге дайындық жүргізіледі. Жіберу алдында жолбарыстар спутниктік қарғыбаулармен жабдықталады. Бұл олардың қозғалысын тұрақты бақылауға және мамандардың жедел сүйемелдеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді".ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Айта кету керек, амур жолбарыстары – Орталық Азияда бұрын мекендеген туран жолбарысының ең жақын туыстары. Қазақстан аумағында тұран жолбарыстары 1948 жылға қарай жойылып кеткен. Аталған бағдарлама арқылы республикада жолбарыс популяциясын қайта қалпына келтіру көзделіп отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:46, 10 маусым 2026
Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды
-
15:28, 10 маусым 2026
Алматыда 71 жастағы зейнеткер өз-өзіне қол жұмсады
-
15:08, 10 маусым 2026
Қазақстан Ұлттық банкі доллар бағамының күрт өсуі жайлы болжамдарды негізсіз деп таныды
-
14:53, 10 маусым 2026
Энергетика министрлігі бензин мен дизель қоры туралы ақпарат берді
-
14:35, 10 маусым 2026
Қазақстандық БҰҰ комитетінің мүшесі болып сайланды: 157 мемлекет қолдау көрсетті






