«Өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін»: ІІМ жазғы демалыс алдында қатаң ескерту жасады
© Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 13 мамырда Ішкі істер министрлігі (ІІМ) мектеп оқушылары мен студенттерге арнап үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үндеу алдағы жазғы демалыс маусымына байланысты жарияланды.
"Жазғы демалыс қарсаңында ІІМ сіздердің қауіпсіздіктеріңізге қатысты маңызды мәселелерге назар аударады. Жақында көптен күткен жазғы демалыс басталады – бұл демалыс, еркіндік және жаңа әсерлер уақыты. Алайда бір маңызды жайт бар: жаз мезгілінде интернет пен әлеуметтік желілерде тез табыс, жеңіл жұмыс, жоғары кіріс сияқты тартымды ұсыныстар жиі кездеседі. Бірақ олардың артында көбіне заңсыз әрекет жасырынады", – делінген министрлік үндеуінде.
Әңгіме есірткі курьерлері, "закладка" жасаушылар, сондай-ақ есірткі құралдарын тарату және жарнамалау әрекеттері туралы болып отыр.
"Бұл – жай ғана тәуекел емес, бұл – қылмыстық жауапкершілік. Ішкі істер министрлігі ескертеді: есірткі қылмыстары үшін жауапкершілік 16 жастан бастап қарастырылады. Жаза өте қатаң, тіпті өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін барады. Бір ғана "жеңіл табыс" бүкіл өмірді құртуы мүмкін", – деп ескертті ІІМ.
Ведомство жастарды күмәнді жұмыс ұсыныстарынан бас тартуға шақырды.
"Өз еркіндіктеріңізді, тағдырларыңызды және өмірлеріңізді тез ақша табу иллюзиясы үшін қатерге тіге бермеңіздер. Бір жаз үшін емес, бүкіл өмір үшін дұрыс таңдау жасаңыздар. Еркіндік – ақшадан қымбат. Болашақ – өткінші табыстан маңызды", – делінген министрлік үндеуінде.
Қазақстан мектептерінде оқу жылы ресми түрде 25 мамырда аяқталады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:22, 13 мамыр 2026
Қазақстандықтарды дербес деректердің қауіпсіздігін бұзу туралы хабардар ету қағидалары жаңартылды
-
12:18, 13 мамыр 2026
+35°С-қа дейінгі аптап ыстық, артынша бірден -6°С: Қазақстан бойынша 14-16 мамырға арналған ауа райы болжамы
-
12:04, 13 мамыр 2026
Қазақстандықтарды экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алуға тартатын болады: қағидалар бекітілді
-
11:59, 13 мамыр 2026
Түркістанда полиция мен арнайы қызметтер күшейтілді: дайындық жұмыстары көрсетілді
-
11:32, 13 мамыр 2026
Қазақстанда ежелгі қаланың орны табылды





