Өмір бойына бас бостандығынан айырылды: Үш жасар егіздер мен тоғыз жасар қызды зорлаған өгей әкеге үкім шықты

09:21, 29 наурыз 2024

© Сурет: freepik

2023 жылдың күзінде Алматы облысында үш жасар егіздер мен тоғыз жасар қыздың зорланғаны туралы хабар қазақстандықтарды дүр сілкіндірді. 2024 жылдың 29 наурызында кінәлі өмір бойына бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның айтуынша, Алматы облысында үш жасар егіздер мен тоғыз жасар қызды зорлау ісіне қатысты соңғы сот отырысы бір күн бұрын, 28 наурызда өткен.

"Балаларға қарсы жасалған жаға ұстатарлық қылмыстар туралы мен қараша айында Алматы облысына барған соң жазған болатынмын... Ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, оның әйелі (үш жасар қыздың әжесі және тоғыз жасар баланың анасы) 25 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп жазды балалар омбудсмені Instagram желісінде.

Сонымен қатар, оның айтуынша, лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне құқықтық баға беруге қатысты облыс прокуратурасы қылмыстық жауапкершіліктен жалтару, қызметтегі немқұрайлылық, әрекетсіздік белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!