Қазақстанда бірден төрт кодекске өзгеріс енгізіледі
© Фото: Zakon.kz
Сенат депутаттары 2026 жылғы 25 маусымда әлеуметтік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сенат депутаты Амангелді Есбай заң жобасы бұған дейін бірінші оқылымда қаралып, мақұлданғанын еске салды.
"Заң аясында Қазақстанның төрт кодексіне – Кәсіпкерлік кодекске, Еңбек кодексіне, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске және Әлеуметтік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген", – деді сенатор.
Атап айтқанда:
- Кәсіпкерлік кодекске көші-қон, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық және дәрілік заттардың айналымы салаларындағы бақылау өкілеттіктерін нақтылау, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер мен тергеп-тексерулер жүргізудің құқықтық негіздерін айқындау және білім беру ұйымдары шығарған өнімдерді өткізуге қатысты нормаларды жетілдіру жөніндегі түзетулер енгізіледі.
- Еңбек кодексінде кәсіби даярлау жүйесін жетілдіруге бағытталған нормалар қарастырылған. Атап айтқанда, "кәсіптік оқыту" және "арнайы білім беру" ұғымдары нақтыланып, жұмыс берушілер мен қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары айқындалады.
- "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымына бақылауды күшейту, "медициналық газдар" ұғымын енгізу, сондай-ақ медициналық ұйымдардың жауапкершілігі мен бақылау рәсімдеріне қатысты нормаларды нақтылау мақсатында өзгерістер енгізіледі.
- Әлеуметтік кодекс белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын құру, мүгедектігі бар балаларды қолдау, ерте араласу жүйесін дамыту, цифрлық интеграцияланған модульді енгізу және әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру жөніндегі нормалармен толықтырылады.
Сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға:
- психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесіне қойылатын талаптар;
- білім беру инфрақұрылымын басқару;
- қандастар мен қоныс аударушыларды өңірлік квоталарға енгізу тәртібі;
- ерікті қоныс аудару қағидалары мәселелері бойынша да түзетулер енгізіледі.
Сондай-ақ заңнамаға "инклюзивті мәдениет" және "ымдау тілі" ұғымдарын енгізу көзделген.
Айта кетейік, бұған дейін Сенат "Кредиттік рейтингтік қызмет туралы" заңды мақұлдаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:56, 25 маусым 2026
Пойызда тәртіп бұзған үш жолаушы жауапқа тартылды
-
16:42, 25 маусым 2026
Әскерден қалдыруға уәде берген алаяқ 250 мың теңгені иемденіп кеткен
-
16:32, 25 маусым 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға кіруге арналған электронды рұқсат берілетін болады
-
16:25, 25 маусым 2026
Алматының қақ ортасында жер астынан от шықты
-
16:17, 25 маусым 2026
Қырғызстанда өзенге ағып кеткен баланы іздеуге қазақстандықтар да қосылды





