Ақмолада полицейлер жасөспірімді бір тәулікке жетпей іздеп тапты
© Фото: polisia.kz
Ақмола облысының Целиноград ауданында полиция қызметкерлері жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірімді бір тәуліктен аз уақыт ішінде тауып, отбасына аман-есен қайтарды.
Іздестіру жұмыстары құқық қорғау органдарының жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында қысқа мерзімде нәтижесін берді. 2010 жылы туған жасөспірімнің жоғалғаны туралы хабарлама полицияға 25 маусым күні түсті.
Туыстарының айтуынша, ол 24 маусымға қараған түні Бірлік ауылындағы үйінен ешкімге ескертпестен шығып кеткен. Жақындары баланы өз күштерімен іздегенімен, нәтиже болмаған соң полицияның көмегіне жүгінген.
Жасөспірімнің даму ерекшеліктері бар болғандықтан, оның қауіпсіздігі ерекше алаңдаушылық туғызды. Хабарлама тіркелген бойда полиция бөлімінің жеке құрамы іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды.
Қызметкерлер туыстары мен ықтимал куәгерлерден жауап алып, аумақты мұқият тексерді, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеді.
Іздеу жұмыстарына еріктілер мен жергілікті тұрғындар да белсенді қатысты. Жедел жүргізілген іздестіру нәтижесінде сол күні кешке учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Мұхтар Қашкенов жасөспірімді Қабанбай батыр ауылынан, жоғалған жерінен шамамен 50 шақырым қашықтықтан тауып алды.
Полиция қызметкері баланың денсаулығына ешқандай қауіп төнбегеніне көз жеткізіп, оны полиция бөліміне жеткізді. Кейін жасөспірім анасына тапсырылды. Сонымен қатар ата-анасымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Полиция ата-аналарға балаларын тұрақты бақылауда ұстап, олардың қайда жүргенінен әрдайым хабардар болуға және кәмелетке толмағандарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
Құқық қорғау органдары тағы бір мәрте еске салады: егер бала жоғалып кетсе, уақыт жоғалтпай, бірден "102" арнасына хабарласу қажет. Уақтылы берілген ақпарат іздестіру жұмыстарын жедел ұйымдастырып, баланы аман-есен отбасына қайтаруға мүмкіндік береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:17, 26 маусым 2026
Серік Жұманғарин ең төменгі жалақының өсуі мүмкін екенін айтты
-
15:07, 26 маусым 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев армиядағы жаңа дәстүр қағидатын қолдады
-
14:58, 26 маусым 2026
Қазақстан президенті «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының жеңімпаздарын құттықтады
-
14:54, 26 маусым 2026
Тоқаев: «Жас сарбаз» қозғалысы 280 мыңнан астам жасты біріктірді
-
14:49, 26 маусым 2026
Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді





