Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау шаралары кеңейтіліп келеді
© Фото: pixabay
Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған қолдау тетіктері кеңейтіліп келеді. Олар жеңілдетілген шартпен ғимаратты жалға алу, бизнесті дамытуға қаржылай қолдау және айналым қаражатын толықтыруға арналған жеңілдетілген несие ала алады.
Бұл туралы "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері хабарлады.
Қолдаудың негізгі бағыттарының бірі – әлеуметтік кәсіпкерлерге тұрғын емес үй-жайларды жеңілдетілген шарттармен ұсыну. Нысандар корпорацияның теңгеріміне өткен сайын конкурстық негізде беріледі. Жалға алу құнының жеңілдетілген мөлшерлемесі – бір шаршы метр үшін 0,1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК). Жалға беру мерзімі – үш жылға дейін, кейін оны ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар кәсіпкерлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін үш айға дейін жалдау ақысы есептелмейтін жеңілдік кезеңі ұсынылады.
Осы қолдау тетігінің тиімді жүзеге асуының бір мысалы "РУХ" бейімдеу, оңалту және абилитация орталығы. 2023 жылы байқау қорытындысы бойынша орталыққа ауданы 107 шаршы метр болатын ғимарат беріліп, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға көмек көрсету жұмысы ұйымдастырылды. Кейін "Алматы" ӘКК-нің қолдауымен нысанды жаңғыртуға жеке инвестор тартылып, күрделі жөндеу жүргізілді. Соның нәтижесінде әлеуметтік қызмет көрсетуге жайлы жағдай жасалды.
Бүгінде орталық ерекше қажеттілігі бар адамдарға, оның ішінде психикалық даму ерекшеліктері бар азаматтарға оңалту, оқыту және әлеуметтік бейімдеу қызметтерін ұсынады. Мұнда әкімші, әлеуметтік реабилитолог, арт-терапевт, психолог және дефектолог жұмыс істейді. Орталық басшысының тұрақты қамқорлығында психикалық мүгедектігі бар 27 жетім бала бар. Жалпы жоба іске қосылғалы бері шамамен 350 адам оңалту курсынан өткен.
"Алматы" ӘКК жүзеге асырып отырған мүліктік қолдау тетігінің арқасында бүгінде 36 әлеуметтік кәсіпкер қажетті ғимаратпен қамтамасыз етіліп, 226 тұрақты жұмыс орны ашылды. Қолдау әлеуметтік бейімдеу, білім беру, оңалту және мамандандырылған қызмет көрсету бағыттарындағы жобаларды қамтиды.
Әлеуметтік кәсіпкерлер үшін қосымша қолдау мүмкіндіктері "Almaty Business – 2030" өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында да қарастырылған. Бағдарлама шеңберінде кепілзатсыз, жылдық 6 пайыздық мөлшерлемемен бес жылға дейінгі мерзімге арнайы жеңілдетілген несие өнімі ұсынылады.
Қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және жөндеуге, сондай-ақ айналым қаражатын толықтыруға бағытталады. Бағдарламаның операторы – "Almaty" микроқаржы ұйымы" ЖШС.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:42, 25 маусым 2026
Әскерден қалдыруға уәде берген алаяқ 250 мың теңгені иемденіп кеткен
-
16:32, 25 маусым 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға кіруге арналған электронды рұқсат берілетін болады
-
16:25, 25 маусым 2026
Алматының қақ ортасында жер астынан от шықты
-
16:17, 25 маусым 2026
Қырғызстанда өзенге ағып кеткен баланы іздеуге қазақстандықтар да қосылды
-
16:06, 25 маусым 2026
АҚШ-та қаза тапқан қазақстандықтың мәйіті елге жеткізілді





