Олжас Бектенов Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Украина төңірегіндегі жағдай бойынша кеңес өткізді
© Сурет: primeminister.kz
Бүгін, 2024 жылғы 22 қарашада Премьер-Министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Премьер-министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар, сыртқы істер, денсаулық сақтау, көлік, энергетика, өнеркәсіп және құрылыс, ұлттық экономика, қаржы министрліктерінің басшылығымен Мемлекет басшысының негізгі әскери және азаматтық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырмаларын орындау жөнінде жедел кеңес өткізді.
Премьер-министр қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың стратегиялық және инфрақұрылымдық объектілерді қорғауды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәліметтерін тыңдап, мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын күшейтуге бағытталған бірқатар міндеттер қойды. Тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, көлік қатынасының қауіпсіздігі, денсаулық сақтау объектілерінің қызметі және басқа да мәселелерге назар аударылды.
Уәкілетті құрылымдардың басшылығына Президенттің қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуын ерекше бақылауда ұстау және жағдайдың өзгеруі туралы шұғыл режимде баяндау тапсырылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:41, 22 қараша 2024
Астананың «мұз дәуірі»: желідегі ағайын бас қаланың көркін талқылауда
-
16:38, 22 қараша 2024
Қызылорда облысының прокурорлары заңсыз сот актілерінің күшін жойды
-
16:30, 22 қараша 2024
Баспана сатып аларда нені назарда ұстаған жөн
-
16:21, 22 қараша 2024
2025 жылғы қаңтардағы демалыс күнін ауыстыру: қазақстандықтар өз нұсқаларын ұсынды
-
16:15, 22 қараша 2024
Жетекші сарапшылар 2025 жылғы қаржы нарығына болжам жасады