Министрлік 2025 жылғы қаңтардағы демалыс күнін ауыстыру туралы маңызды мәлімдеме жасады
© Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "2025 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы" бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбі, яғни демалыс күні 2025 жылғы 3 қаңтарға, жұмаға ауыстырылады.
Осылайша, аптасына бес күн жұмыс жасайтын қазақстандықтар 1-4 қаңтар, ал жұмыс аптасы алты күнді құрайтын азаматтар – 1-3 қаңтар күндері демалатын болды.
"Демалыс күнін ауыстыру жұмыс уақытын оңтайлы бөлуге және азаматтардың демалысы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:48, 21 қараша 2024
Қазақстандық шаңғышылар Шығыс Еуропа кубогының алғашқы күнінде алты медаль жеңіп алды
-
21:10, 21 қараша 2024
Тобылда полицейлер инсульт алған 71 жастағы зейнеткерді құтқарды
-
20:45, 21 қараша 2024
Боран, көктайғақ және тұман: Қазақстанның қай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:19, 21 қараша 2024
«Тәтті кәмпит»: Қызылордада сотталғанға есірткі жеткізбек болған тұрғынның әрекеті әшкере болды
-
19:52, 21 қараша 2024
Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарды