Жетекші сарапшылар 2025 жылғы қаржы нарығына болжам жасады
© Фото: Zakon.kz
ҚР Ұлттық Банкі кезекті макроэкономикалық сауалнаманың нәтижелерін жариялады. Сауалнама параметрлері Brent маркалы мұнайдың бағасы, Қазақстан экономикасының өсуі, инфляция, базалық мөлшерлеме, тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импорты, сондай-ақ теңге бағамы болып табылады.
Өткен тоқсанда сауалнамаға қатысқан сарапшылар өз болжамдарын түбегейлі өзгерткен жоқ, дегенмен шағын өзгерістер бар.
Мұнай бағасы. Ағымдағы жылдың қараша айында респонденттер мұнай бағасы бойынша 2025 және 2026 жылдарға арналған күтулерін өзгерткен. 2025 жылға арналған бағалау баррель үшін 76,5 АҚШ долларға дейін өсу жағына қайта қаралды. 2026 жылға болжам баррель үшін 74,0 АҚШ долларға дейін төмендетілген. 2024 жылға арналған үміттер 80,4 АҚШ доллар деңгейінде қалыптасты.
ЖІӨ. Қазақстан экономикасының 2024 жылға өсу болжамдары — 4% — дан 4,2% — ға дейін жақсартылған. Респонденттердің 2025 жылға арналған күтулері 5% — дан 4,7% — ға дейін төмендетілді. 2026 жылға арналған экономиканың өсуі бойынша болжамдары 4,5% деңгейінде сақталған.
Инфляция. 2025 жылға арналған инфляция болжамы 6,7% — дан 6,9% — ға дейін нашарлады, 2024 және 2026 жылдарға арналған болжамдар тиісінше 8,4% және 6,0% деңгейінде бұрынғыдай қалыптасуда.
Базалық мөлшерлеме. 2025 жылға арналған базалық мөлшерлеменің болжамдары талдаушылардың инфляциялық күтулеріндегі өзгерістерге сәйкес, 12,0% - дан 12,5% — ға дейін өсу жағына қарай қайта қаралды. 2026 жылға арналған бағалауар 10,1% — дан 10,3% — ға дейін түзетілді. 2024 жылға арналған болжамдардың медианалық мәндері 14,6% деңгейінде сақталды.
Тауарлар мен қызметтердің экспорты. Респонденттердің тауарлар мен қызметтер экспортының көлемі бойынша болжамдары бүкіл болжамды кезеңінде жақсартылған. 2024 жылға арналған күтулер 88-ден 89,5 млрд АҚШ долларына дейін өсу жағына қайта қаралған. 2025 жылға болжам 83,2-ден 91,7 млрд. АҚШ долл.дейн, ал 2026 жылға арналған бағалау 91,6 млрд. АҚШ долл. дейін өзгертілген.
Тауарлар мен қызметтердің импорты. 2024 жылы тауарлар мен қызметтер импортының көлемі сарапшылардың бағалауына сәйкес 71,8 млрд. АҚШ.долл. дейін төмендеуде. Респонденттердің 2025 жылға арналған болжамдары 70,0-ден 72,5 млрд. АҚШ.долл. дейін қайта қаралған. 2026 жылға арналған медианалық болжам 73,0 млрд. АҚШ. долл. деңгейінде қалыптасуда.
Валюта бағамы бойынша болжамдар. USD/KZT бағамы бойынша болжамдар әлсіреу жағына аздап өзгертілген. Осылайша, 2024 жылы USD/KZT бағамы бір АҚШ долл. үшін жылына орта есеппен 466,5 теңге деңгейінде күтілуде. 2025 жылы болжам 484,0 теңгеден 486,9 теңгеге дейін, ал 2026 жылы – 494,3 теңгеден 498,3 теңгеге дейін өзгертілген.
Бұған дейін Путиннің мәлімдемесі әлемдік нарыққа қалай әсер еткендігі хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:18, 22 қараша 2024
Павлодар облысында зорлық-зомбылыққа қатысты 30 деректің жартысын педагогтар анықтады
-
21:18, 22 қараша 2024
Павлодар облысында 30 зорлық-зомбылықтың жартысын педагогтер анықтады
-
20:41, 22 қараша 2024
Тоқаев ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған концертті тамашалады
-
19:59, 22 қараша 2024
Қостанай облысында адам өлімімен аяқталған жол апатынан кейін ТБС иесі жауапқа тартылды
-
19:11, 22 қараша 2024
Ақтөбеде экс-әйелі мен балаларын ұрып-соққан азамат сотталды