Қызылорда облысының прокурорлары заңсыз сот актілерінің күшін жойды

16:38, 22 қараша 2024

© Фото: pexels

Қызылорда облысының прокуратурасымен жүргізілген талдау нәтижесінде 30 заңсыз сот актілерінің күші жойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылдың 22 қарашасында Қызылорда облысының прокуратурасы ағымдағы жылы соттармен 15 әкімшілік істер негізсіз тоқтатылғанын, 13 әкімшілік іс бойынша ӘҚБтК-тің санкциясында көзделмеген заңсыз төмен жаза тағайындалса, 2 іс бойынша негізсіз жауаптылыққа тарту деректері орын алғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар соттармен масаң күйде көлік басқарған 3 тұлға жауаптылықтан босатылғаны анықталып, прокурордың апелляциялық өтінішхаты негізінде кінәлі тұлғаларға 20 тәулік мерзімдегі қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру түріндегі жаза қолданылған.

Мысалы, 19.07.2024ж. масаң күйде көлік басқарған құқық бұзушы бөтен тұлғаның автокөлігін айдап кетіп, жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға болған жерден бой тасалаған.

Шиелі аудандық сотының 18.09.2024ж. қаулысымен масаң күйде көлік басқарған тұлға жәбірленушімен татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан негізсіз босатылған. Осы ретте, облыстық прокуратураның апелляциялық өтінішхаты нәтижесінде кінәліге 20 тәулік мерзімдегі қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Заңнама талаптарының сақталуы облыстық прокуратураның қадағалауында.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!