Петропавлда алкоголь өнімдерін заңсыз сату дерегі тоқтатылды
© Фото: Zakon.kz
Петропавл қаласында полиция қызметкерлері жеке тұрғын үй аумағында заңсыз алкоголь өнімдерін сату фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ мәліметіне сүйенсек, тексеру барысында тұрғын үй ішінде алкоголь өнімдерін сату үшін арнайы терезе жабдықталғаны және қолмен жазылған баға тізімі ілінгені белгілі болды. Аталған орын маңынан спирт иісі аңқыған үш азамат анықталып, олар медициналық куәландырудан өткізу үшін жеткізілді. Аталған тұлғалар бұған дейін де қоғамдық тәртіпті бұзу деректері бойынша тіркелген.
Қала тұрғыны өз түсініктемесінде арзан спирт сатып алып, оны сумен араластырып, жақын маңдағы тұрғындарға өткізгенін мәлімдеді. Сонымен қатар ол темекі өнімдерін де заңсыз сатқан. Тінту барысында 40-тан астам контрафактілі темекі қорабы тәркіленді.
Қазіргі уақытта тәркіленген спиртқұрамды сұйықтық (жалпы көлемі 137 литр) сараптамаға жіберілді. Аталған факті бойынша әкімшілік материалдар жинақталуда.
Айта кетейік, жыл басынан бері Петропавл қаласында заңсыз айналымнан жалпы көлемі 4593 литр алкоголь өнімі тәркіленді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:17, 28 сәуір 2026
Алматыда кафе саябақтың бір бөлігін жазғы террасаға айналдырған
-
20:59, 28 сәуір 2026
29 сәуірде Қазақстанның қай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:40, 28 сәуір 2026
Түркістан облысында шибөрі екі жасар қыз бен ер адамға шабуыл жасады – видео
-
20:40, 28 сәуір 2026
Түркістан облысында қорқау қасқыр екі жасар қыз бен ер адамға шабуыл жасады – видео
-
20:19, 28 сәуір 2026
Талдықорғанда ыстық су өшіріліп, көшелер жабылады: жөндеу жұмыстары шілде айының соңына дейін жалғасады





