Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді
© Сурет: ЖИ көмегімен жасалған
29 сәуірде сағат 9.00-дан бастап Қостанай қаласында жылдың ең ауқымды іс-шарасы басталады.
"QOSTANAI TECH" отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі қостанайлық тұрғындар мен елдің барлық өңірлерінен келген қонақтарды біріктіреді.
Бұл фестиваль Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылының басты оқиғаларының бірі болмақ.
Фестиваль бағдарламасын Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ашады.
Әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, TED-форматында сөз сөйлейтін хэдлайнерлер арасында ірі өндіріс, ІТ-компания мен қоғамдық пікір көшбасшылары өкілдері бар. Атап айтсақ, ҚР Президенті жанындағы ЖИ-ді дамыту жөніндегі кеңестің жұмыс тобының кеңесшісі Темірлан Зиналабдин, технология және білім беру саласындағы кәсіпкер, Оксфордта білім алған алғашқы қазақстандық Ғабит Бекахметов және тағы басқалар бар.
"Жастар сарайының" күту залында қонақтарды фестиваль маскоты – Q-AI трансформеры қарсы алады және заманауи технологиялар көрмесі ұйымдастырылады.
Екінші қабаттағы интерактивті аймақта инновациялық процестер көрсетіледі: ақылды өндіріс 5.0, автономды жүйе және технологиялардың бірлескен әрекеті, қаланың цифрлы инфрақұрылымы және урбанистика, XR-оқу мен иммерсивті мамандықтар, болашақ экологиясы, логистика, цифрлы әлемдегі қауіпсіздік туралы мәселелер және тағы басқа.

Сурет: ЖИ көмегімен жасалған
Фестиваль тек технологиялар мерекесі ғана емес, сонымен бірге эксперимент алаңы болмақ.
Екінші қабатта балалар мен жасөспірімдер үшін болашақ технологиялар кеңістігі ұйымдастырылады. Мұнда мини-турнирлер өткізілетін киберспорт аренасы, технополигон, конструкторлық зертхана және робототехника аймағы құрылады.
Жас буын үшін VR/AI аймағы ерекше қызығушылық тудырады, мұнда симуляциялар зертханасы ауыл шаруашылығы техникасын басқарудан бастап электр көліктерін құрастыру жұмысына дейінгі нақты өндірістік процестердің ішінде болуға мүмкіндік береді.
Көше алаңында балалар мен олардың ата-аналарына шеберлердің сабақтары, химия мен физика бойынша эксперименттер мен ғылыми шоулар, сұйық азоттың мүмкіндіктері мен Тесла шоуы ұйымдастырылады.
Сондай-ақ аумақта ұйымдастырылатын көрмеде өңірдегі жетекші өндірушілердің техникасы көрсетіледі.
Автокөлік өндірісі процесін және өңірдегі ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысын өз көздерімен көргісі келетіндер үшін күні бойы индустриялық экскурсиялар ұйымдастырылады, бұл экскурсиялар қала тұрғындары мен қонақтары үшін тұрақты болмақ.
Фестивальдің маңызды міндеттерінің бірі бұл отбасы құндылықтарын, ұрпақтар жалғастығын және еңбек пен білімге деген құрметті күшейте отырып, жаңа буынды машина жасау мен агроөнеркәсіп кешендерінің дамуының іргетасына айналып отырған бағдарламалау мен жасанды интеллект жүйесін зерделеуге шабыттандыру.

Сурет: ЖИ көмегімен жасалған
Фестиваль қонақтары үшін мазмұнды бағдарлама жоспарланған:
- Технологиялар мен ЖИ саласындағы жетекші спикерлердің сөз сөйлеуі
- Жобалар мен технологияларды көрсету
- Интерактивті алаңдар мен эксперимент аймағының жұмысы
- Өңір кәсіпорындарының көрмесі
- Әсерлі концерт бағдарламасы
- Көптеген қосымша іс-шаралар мен сыйлықтар
Әркім өз талғамына сай іс табады. Қонақтарға қолайлы болу үшін аумақта тамақтану аймағы жұмыс істейді.
Фестиваль сағат 19:00-де қазақстандық эстрада жұлдызы Bayansulu қатысатын концерттік бағдарламамен аяқталады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, сондай-ақ ниет білдірушілерді 29 сәуір күні сағат 09:00-ден бастап өтетін "QOSTANAI TECH" отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваліне шақырамыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:56, 28 сәуір 2026
Чехия Премьер-министрі: Қазақстанға сапар шегу менің көптен бергі арманым
-
16:40, 28 сәуір 2026
Алматыдағы ірі ауруханада өрескел заңбұзушылықтар анықталды
-
16:24, 28 сәуір 2026
Заң мен Тәртіп: Әділ қоғам негізі – қаржылық қауіпсіздік және құқықтық мәдениет
-
16:08, 28 сәуір 2026
Қазақстанда жасанды интеллект энергетика жүйесін басқарады
-
15:56, 28 сәуір 2026
Жетісу облысында патрульдік полиция жол бойында шетелдік велосаяхатшыларға көмектесті





