Елордада «синтетика» таратумен айналысқан жас жігіт ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Елордада полицейлер синтетикалық есірткі заттарын өткізумен айналысты деген күдікпен 22 жастағы ер адамды анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицейлер күдіктінің тұрғылықты жерін тексеру барысында асүйден шамамен бір келіге жуық тыйым салынған зат тапқан.
"Терезе алдында өзіне тән иісі бар ұнтақ тәрізді зат салынған 8 полиэтилен пакеті болған. Олардың ішінде шамамен 500 грам мефедрон және 400 грам альфа-PVP анықталды. Барлық табылған зат тәркіленді",- делінген ақпаратта.
Анықталғандай, күдікті есірткі заттарын сақтау мақсатында пәтерлерді қысқа мерзімге жалға алып отырған.
"Аталған факті бойынша аса ірі мөлшерде есірткі құралдарының заңсыз айналымы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды",- деп мәлімдеді полицейлер.
Бұған дейін Қостанай облысында анасын қорғамақ болған жасөспірім қаза тапқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:59, 28 сәуір 2026
29 сәуірде Қазақстанның қай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:40, 28 сәуір 2026
Түркістан облысында қорқау қасқыр екі жасар қыз бен ер адамға шабуыл жасады – видео
-
20:19, 28 сәуір 2026
Талдықорғанда ыстық су өшіріліп, көшелер жабылады: жөндеу жұмыстары шілде айының соңына дейін жалғасады
-
19:56, 28 сәуір 2026
Петропавлда алкоголь өнімдерін заңсыз сату дерегі тоқтатылды
-
19:16, 28 сәуір 2026
Бірқатар өңірлерде үсік жүреді: синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды





