Қостанай облысында анасын қорғамақ болған жасөспірім қаза тапты
© Сурет: unsplash
Қостанай облысында ауыр қылмыстық оқиға тіркелді. Отбасылық жанжал кезінде ер адам өгей ұлын өлтіріп, әйелін пышақтап жаралаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Tobolinfo басылымының жазуынша, жанжал ерлі-зайыптылар арасында болған. Сол сәтте ұлы анасына араша түсіп, оны қорғауға тырысқан. Аталған дерек бойынша кісі өлтіру және адам өлтіруге оқталу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"25 сәуір күні Жітіқара қаласының 37 жастағы тұрғыны пышақ жарақатын алған. Ал оның 15 жастағы ұлы алған ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмған",- делінген ақпаратта.
Полиция қызметкерлері күдіктіні жедел түрде ұстады. Ол – әйелдің күйеуі, яғни қаза тапқан жасөспірімнің өгей әкесі.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Талдықорғанда асханада болған жанжал қайғылы жағдаймен аяқталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:19, 28 сәуір 2026
Талдықорғанда ыстық су өшіріліп, көшелер жабылады: жөндеу жұмыстары шілде айының соңына дейін жалғасады
-
19:56, 28 сәуір 2026
Петропавлда алкоголь өнімдерін заңсыз сату дерегі тоқтатылды
-
19:37, 28 сәуір 2026
Елордада «синтетика» таратумен айналысқан жас жігіт ұсталды
-
19:16, 28 сәуір 2026
29 сәуірде бірқатар өңірлерде үсік жүреді: синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды
-
18:58, 28 сәуір 2026
«Ең үздіктерді әкелдік»: Бабиш Чехияның Қазақстанға ұзақ мерзімді қызығушылығы бар екенін мәлімдеді





