Өкпе обыры: Қазақстанда 2027 жылы скринингтің жаңа әдісі сынақтан өткізіледі
© Фото: akorda.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында өкпе обырын анықтау үшін төмен дозалы компьютерлік томография әдісімен пилоттық скрининг жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ол Үкімет өкпе обырына скринингті кезең-кезеңімен енгізу үшін, соның ішінде заманауи цифрлық шешімдерді қолдана отырып, жүйелі шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.
"Денсаулық сақтау министрлігі 2027 жылдан бастап өкпе обырын анықтауға арналған скринингті енгізу жөніндегі бұйрыққа тиісті өзгерістер енгізді. Осыған байланысты 2027 жылы Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл және Ұлытау облыстарында төмен дозалы компьютерлік томография әдісімен пилоттық скрининг жүргізу көзделген", – делінген Премьер-министрдің жауабында.
Оның айтуынша, елімізде медицина қызметкерлеріне арналған оқыту іс-шаралары өткізілген. Скринингтен өтетін нысаналы топқа 50–70 жастағы адамдар енгізілген. Ал темекі шегетіндер мен еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарында істейтіндер жоғары қауіп тобына жатқызылған.
Бұған дейін Қазақстанда онкологиялық ауруларға қарсы күрестің кешенді жоспары жаңартылғанын жазған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:12, 9 қазан 2026
Ұлттық банк ерекше таңбасы бар жаңа монетаны айналымға шығарады
-
15:02, 9 қазан 2026
Қазақстандықтардың қаншасы қарызсыз өмір сүреді, қаншасы ақша жинайды
-
14:53, 9 қазан 2026
Мемлекет басшысы алғашқы «ТМД плюс» саммитін өткізуді ұсынды
-
14:50, 9 қазан 2026
Мемлекет басшысы ТМД аясында жасанды интеллект саласындағы тәжірибе алмасу тетігін құруды ұсынды
-
14:49, 9 қазан 2026
Тоқаев ТМД-ның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеуді ұсынды





