«Қатаң бақылауға алыңыз»: Бектенов әкімдіктер мен Өнеркәсіп министрлігіне тапсырма берді
© Фото: primeminister.kz
Бүгін, 8 қазанда, Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдардың сапасына қатысты тапсырмаларының орындалу барысымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үкімет басшысы Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне және әкімдіктерге жұмысты күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді.
"Президент өңірлердегі инфрақұрылымды жаңғырту, әсіресе жолдардың сапасы мәселесін бірнеше рет көтерді. Орталықтан қажетті қаражат бөлініп жатыр. Жергілікті жерлерде қаражаттың мақсатты жұмсалуына бақылауды күшейту қажет. Ел ішіндегі және халықаралық маңызы бар жолдардың барлығы сапа стандарттарына сай болуға тиіс. Әкімдік өз аумағындағы жұмыстарды бақылауы керек. Азаматтардың шағымдарының басым бөлігі ішкі жолдарға қатысты. Қатаң бақылауға алыңыздар", — деді Олжас Бектенов.
Ұсынылған мәліметке сәйкес, биыл Қазақстанда 11 мың шақырымнан астам жол құрылыс, қайта жаңарту және жөндеу жұмыстарымен қамтылған.
Кейінгі жеті жылда елімізде жалпы 36,3 мың шақырым автожол салынды және жөнделді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:10, 8 қазан 2026
«Қайрат» көшбасшысы Қазақстанға оралып, жаңа келісімшартқа қол қойды
-
17:53, 8 қазан 2026
Алматыда электр желісіндегі апаттық жөндеуге байланысты жолдың бір бөлігі уақытша жабылады
-
17:30, 8 қазан 2026
Қазақстанда мұнай өнімдерін міндетті таңбалау 2027 жылы енгізілуі мүмкін
-
17:13, 8 қазан 2026
Қазақстанда 9 қазанда тұман, екпіні күшті жел мен қар болжанып отыр
-
16:56, 8 қазан 2026
Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді





