«Ойын басталды!»: Ұлытау жастары салауатты өмір салтын интеллектуалдық квестпен дәлелдеді
© Сурет: Ұлытау облысының әкімдігі
Детективтік іздеу, жылдам шешім және достық бәсекелестік — Сәтбаев қаласында жастарға арналған "Салауатты ұрпақ – жарқын болашақ" интеллектуалдық квесті өтті.
Ұлытау облыстық Полиция департаменті жастармен заманауи интерактивті форматта тіл табысуды ұйғарды. 4 командаға бөлінген 16 қатысушы ойын барысында тек логикасын емес, қауіпсіздік пен салауатты өмірге қатысты білімдерін де сынға салды.
Қатысушылар әр кезеңде тапсырмаларды уақытқа шешіп, нағыз командалық рухты сезінді.
Психотроптық заттардың зияны мен дұрыс таңдау жасаудың маңызы лекция емес, интерактивті тапсырмалар арқылы санаға ұялады.
Үздік шыққан үздіктер жүлделі орындарды бөлісіп, белсенді қатысушылар Ұлытау облысы ПД бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Сапардың Алғыс хаттарына ие болды.
Бұл шара жастарға маңызды хабарламаны жеткізді: жаңа ғасырдың нағыз тренді — білімді болу, салауатты өмірді таңдау және өз болашағына жауапкершілікпен қарау.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:11, 25 тамыз 2026
Алматы облысында қар жауды
-
19:28, 25 тамыз 2026
«Құдаласып, киіт кигізу». Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр
-
19:01, 25 тамыз 2026
Абай Алпамысов Ұлттық баскетбол федерациясының басшылығына қайта сайланды
-
18:50, 25 тамыз 2026
Ақмола облысында тағы бір жасырын есірткі өндірісінің көзі жойылды
-
18:35, 25 тамыз 2026
«Қар, бұршақ, нөсер жаңбыр». Елімізде ауа райы күрт құбылып, мінез танытатыны болжанады





