Өcкемендегі өрт кезінде құтқарушылар 15 тұрғынды эвакуациялады

16:03, 8 қыркүйек 2024

© Сурет: pixabay

Өскеменде Буров көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар өрт шыққан аумақтан 15 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде 3 бала бар.

Өрт сөндірушілер 25 шаршы метр аумақты шарпыған өртті: жанып жатқан жиһаздар мен заттарды тез арада сөндірді.


Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!