Қазақстандық мекемелер тамақ пен сусын сатудан қанша табыс тапты
© Фото: Zakon.kz
Азық-түлік пен сусындарды сатудан түскен кіріс 2024 жылы өсті. Табыстың басым бөлігін қай қалалар құрайды – Zakon.kz мақаласында.
Бірінші кредиттік бюро таратқан мәліметтерге сәйкес, қоғамдық тамақтанудағы әрбір екінші теңге дерлік Алматы мен Астанадан келеді.
2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында мұндай мекемелердің азық-түлік пен сусындарды сатудан түскен кірісі жалпы Қазақстан бойынша 1,3 трлн теңгеге жетті. Сарапшылардың есептеуінше, осы сегменттегі бағаның өсуіне түзетілген бұл 2023 жылдың осы айларымен салыстырғанда 10%-ға көп.
"Осы соманың жартысына жуығы — 625 млрд теңгесі астаналардың үлесіне тиеді. Дәлірек айтсақ, біз 47 пайыздық үлес туралы айтып отырмыз. Өткен бес жылда қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша орташа есеппен алғанда деңгейі 45%, ал 10 жыл бұрын ол тек үштен бір бөлігін құраған". БКБ
2024 жылы облыстар арасында кіріс көлемі бойынша Алматы мен Астана сәйкесінше 318,5 млрд теңге және 306,5 млрд теңге нәтижемен алғашқы екі орынды иеленді. Бірақ Астанада өсу қарқыны инфляцияны ескере отырып, бір жылмен салыстырғанда +23% жоғары болды. Алматыда өсім 8 пайызды құрады. Айтпақшы, 2023 жылы Алматы қаласындағы көлем теріс нәтиже көрсетті (-6%).
Екі астана үшін де жылдың ең қарқынды айы желтоқсан болды. Ол 12 айдағы жалпы кірістің 14%-ын құрады.
Өткен жылы фаст-фуд мейрамханаларындағы баға қаншаға өскенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:57, 8 желтоқсан 2025
-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады
-
22:46, 8 желтоқсан 2025
СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды
-
21:29, 8 желтоқсан 2025
Семсерлесуші Руслан Курбанов Әлем кубогы кезеңінде үздік ондықтың қатарына енді
-
21:19, 8 желтоқсан 2025
«Боран соғып, аяз болады». Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
-
20:47, 8 желтоқсан 2025
Оңтүстікте тойда өлең айтқан бұрынғы келініне қол көтерген ер адамға қатысты сот үкімі шықты





