БАӘ инвесторлары Өзбекстанда аэротакси жобасын іске қоспақ
© Сурет: Instagram/jetex
Жақын арада Ташкентте және елдің өзге де ірі қалаларында қарапайым таксидің орнына шағын тікұшаққа тапсырыс беріп, кептеліссіз ұшуға болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өзбекстан Үкіметінің баспасөз қызметінің ақпаратынша, Шавкат Мирзиёевтің Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында көлік министрлігі мен JETEX Әмірліктер компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Осы жоба аясында жолға қойылады:
- бизнес авиация саласында жөндеу, сату және сақтау жөніндегі қызметтер;
- VIP такси қызметі.
"Бұл туристік индустрияның дамуына оң әсер етеді және VIP клиенттерге қолайлы жағдай жасайды",-делінген ақпаратта.
Ведомство бұл жобаны табысты іске асыру Ташкент беделі мен тартымдылығын одан әрі арттыруға септігін тигізеді деп үміттенеді.
Бұған дейін Оңтүстік Корея президентінің қамауға алынғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:47, 15 қаңтар 2025
Жаңа жоба: Шетелдік IT-мамандар елімізде жұмыс істей алады
-
15:36, 15 қаңтар 2025
Qazpatent «Қазақ тазысын» патенттеді
-
15:25, 15 қаңтар 2025
Ақтөбе тұрғынынан аса ірі көлемде марихуана тәркіленді
-
15:19, 15 қаңтар 2025
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қатысты жауапкершілік қатаңдатылады
-
15:09, 15 қаңтар 2025
БҚО-да тұмаудың түрлері өршіп тұр