Шығыстағы таулы аудандарда қардың қалыңдығы 2 метрге жетті

11:47, 15 қаңтар 2025

© Фото: Zakon.kz

Шығыстағы кейбір аудандарда қардың қалыңдығы қазір екі метрден асты. Ал аймақтағы облыстық маңыздағы автокөлік жолдарының көбі тау арасында болғандықтан, қарын тазалауға қыруар қаржы мен жұмысшы керек.

Дегенмен облыста былтырдан бері "Жол жылы" болып жарияланған соң, саланың жұмысы серпіле бастады. Тек осы қыста автокөлік жолдарын қардан тазалауға 800-ге жуық техника дайындалды.

Қар аралас жаңбыр жауғанда қиын болады. Сол кезде батып, таулы жер жолдары ауырлау. Осы Альпі жолдарында көшкін түседі.

Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік бағыты. Қалаға жақын туристік нысандар ең көп шоғырланған аумақ. Яғни, бұл жолдың бойынан жыл он екі ай жолаушы үзілмейді. Сәйкесінше көлік нөпірі де көп. Сондықтан алғашқы қар түскеннен бастап, жер құрғағанша ауыр техника жұмыс істейді. Қазір бұл аумақтағы қардың қалыңдығы 1 метрден асады, деп жазады qazaqstan.tv.

Бір метрдің көбі мұз. Кез келген техниканың күрегі батпайды. Сол үшін шағын аумақ болса да, бірнеше техника күрейді.

Алынған қар ешқайда кетпейді. Көктемде ерігінде қарғын су болып жолды басуы мүмкін. Сондықтан көктемдегі тасқынға тосқын да ескерілерді.

Жалпы, облыста 5265 шақырым жол болса, оның 1238-і республикалық, облыстық маңызда 1587, ал 2440 шықырмы аудандық дәржеде. Осы жолдарды тазалауға 782 техника, 500 тонна жанармай дайындалды. 6 өндірістік жол учаскесі мен 4 жылыту орыны құрылды. 2,5 мың тонна инерттік және 100 тонна көктайғаққа қарсы материал жеткізілді.

"Басқармада күнделікті кезекшілік ұйымдастырылған, таңертеңгі сағат сегізге дейін әр аудандағы шыққан техниканың саны, жолдардың ашық-жабықтығы сол туралы ақпарат беріліп отырады. 21-жедел әрекет ету тобы бар. Оның құрамында үлкен ауыр бульдозерлер, қар лақтыратын техникалар барлығы дайын тұр." Нұржан Жұмәділов, облыстық Автокөлік жолдары басқармасының басшысы

Дайын тұрған ауыр техника қосымша күш ретінде қолданылады. Әзірше әр бағыт бойынша бөлінген техникалар күнделікті жолда жүр. Қаңтардың соңында қалың қар жауса, алда арқыраған ақ бораны бар ақпан тұр. Өйткені біздің жақта қыс ұзақ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!